2022 жылдың 12 тамызында облыстық тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтарына арналған : «Дошкольное воспитание: меняться нельзя оставаться прежним» тақырыбында секция өткізілді.
Секция жұмысында Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жай-күйі мен перспективалары туралы, мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтарын даярлаудағы жаңа тәсілдер туралы мәселелер талқыланды. Қостанай облысы білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №12 балабақшасы» КМҚК педагогтері инновациялық технологияларды енгізу арқылы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің бірыңғай инклюзивті білім беру кеңістігін құру тәжірибесі ұсынылды. Лисаков қаласының әріптестері сыртқы және ішкі сараптаманың тиімді құралы ретінде «ЕСЕРS-3 шкаласы» мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапасын бағалау жүйесі туралы бөлісті. «Білім беру кеңістігін Ойыншыландыру», «Мектепке дейінгі балалық шақтағы медиасауаттылық», «Искорка» жобасын қауіпсіз жүргізу негіздері» тәрбие қызметін ұйымдастырудың инновациялық нысандары бойынша мастер-кластар өткізілді.
Рефлексия барысында педагогтар кері байланыс беріп, әркім өзі үшін «Дошкольное воспитание: меняться нельзя оставаться прежним» қай жерге үтір қоюды шешті.